Екатеринбург – Алматы автожолында 19 көлік соқтығысып, жаппай апат болды

Фото: Вaq.kz
Фото: Вaq.kz
Оқиға 23 қаңтарда болған.

Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы автожолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

"Сағат 12:30-да осы учаскеде 1 630 км-де 19 жеңіл автокөлік соқтығысып, жаппай апат болды. Оқиға орнынада ТЖМ және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург – Алматы (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 км) автожолын қайта жаңарту учаскесінде Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылды. Шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты қабылданды.

Қарағанды облысы әкімшілік полиция басқармасы мен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері көліктерді ілесіп алып жүрді.

Ал жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".