Екі мегаполисте үш ірі есірткі зертханасы анықталды

Құны 2 миллиард теңге тұратын есірткі заттары жойылды.

Астана және Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен үш ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстанның сегіз азаматы ұсталып, қамауға алынды.

"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сонымен қатар 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды", – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәркіленген есірткінің құны "қара" нарықта 2 миллиард теңгеден асуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".