Экс-министр Қуандық Бишімбаев 2 айға қамалды

Оған "кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.

11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Еске салайық, 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында 20:30 шамасында әйел азамат жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырып, оның өліміне қатысты Қазақстанның экс-министрі Қуандық Бишімбаев ұсталғаны белгілі болған. Бұл ақпаратты бір тәуліктен соң Ішкі істер министрлігі растады. 

Қазіргі таңда Астана полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қуандық Бишімбаевқа "кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.


Оқи отырыңыз: Женщину избили до смерти в ресторане: подозреваемого водворили в ИВС ДП Астаны


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".