Экзит пол нәтижесі: Референдумға дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың 70,1 пайызы қатысты

Респонденттердің 74,8 пайызы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым деп жауап берген.

5 маусымда "Қоғамдық пікір" институты "31 арнаның" тапсырысымен республикалық референдумға қатысушылар арасында экзит пол өткізді. Сұрауға 24 мың респондент қатысты.

Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 600 сайлау учаскесінде өткізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында.

Респонденттерге "Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?" деген бір ғана сұрақ қойылды.

Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берді.

Экзитпол нәтижелері бойынша референдумға қатысушылар үлесі 70,1%-ды құрады.


Оқи отырыңыз: 


31 арна экзит пол мәліметтеріне сүйене отырып, референдумның болжамды нәтижесін Қазақстанда алғашқы болып жариялау үшін "Қоғамдық пікір" институтына зерттеу жасауға тапсырыс берген болатын. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".