"Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?

Қазақстан азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады.

2023 жылғы 1 шілде бойынша, Елдердің паспорт беделі рейтингісінде Қазақстанның паспорты 97 орынның ішінде, 53-орынды алды. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады. 

Рейтингіде БҰҰ-ға мүше 193 ел мен алты аумақ бар (бірнеше ел бір орынды иеленуі мүмкін).

Қазақстан Республикасының индексі – 91. Индекс неғұрлым жоғары болса, ел паспорты соғұрлым беделді болып саналады. Қазақстандық паспорты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, ал тағы 52 елде визаны сол елген барған соң рәсімдеуге болады. 107 мемлекетке бару үшін қазақстандықтарға виза қажет. 

  • Әр паспорттың жеке разрядын анықтау үшін рейтинг сарапшылары үш деңгейлі әдісті қолданған:
  • Мобильділікті бағалау (MS) – визасыз режим (VF), келу визасы (VOA), кіруге электрон рұқсат алу (eTA) және визаны электрон (eVisa) түрде алу, виза үш күн ішінде берілсе;
  • VF және VOA бағалаулары;
  • БҰҰ Даму бағдарламасының адам әлеуетін дамыту индексі. 

Әлемдегі ең беделді паспорт БАӘ азаматтарында. Олар 125 елге визасыз бара алады, тағы 55 елде визаны барғаннан кейін алуға болады. Тек 18 елге виза қажет.

ТМД елдері арасында Қазақстан паспорты Украина, Ресей, Молдова және Беларусь мемлекеттерінен әлсіздеу болып тұр. Ал Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан төлқұжаттарынан жоғары тұр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".