Ақылы автотұрақтар көк жолақпен белгіленеді

Демалыс және мереке күндері тұрақты тегін пайдалануға болады.

Пилоттық жоба әзірге астанадағы Нұржол бульварында іске қосылды. Көк түсті жол сызықтары жүргізушілерге ыңғайлы болуы үшін қарастырылған, деп хабарлайды "Астана тұрақ кеңістігі" сайты.

"Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. Егер бұл жаңалықты қала билігі мақұлдаса, болашақта елорданың барлық ақылы тұрақ аймағы көк жолақпен бөлінетін болады", – делінген хабарламада.

Тұрақ ақысын алғашқы 30 минутта төлеу керек.


Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие неге уақытында басталмады?


Жұмыс күндері ақылы тұрақ сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қолжетімді. Ал демалыс және мереке күндері тұрақтарды тегін пайдалануға болады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".