Электр энергиясының бағасы 2023 жылдан бастап өседі

Тарифтік бағдарлама 7 жылға арналған.

2023 жылы тарифтердің бағасы өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында айтты. 

"Тарифтік бағдарлама жеті жылға арналған. Келесі жылы оның бір бөлігі өседі. Мүмкін 20 пайызға, мүмкін 30 пайызға. Жалпы республика бойынша емес, объектіге байланысты", – деді Әлібек Қуантыров.


Оқи отырыңыз: "Министр болуды емес, Гарвардқа түсуді тіледім". Экономика министрімен диалог


Министр бұл ретте әлеуметтік мәселелер ескерілетінін айтты. 

"Табиғи монополиялар субъектілері бойынша, әр өңір бойынша тарифтерді көтеру туралы ұсыныстарын қараймыз. Қоғамдастықпен жан-жақты талқылаймыз. Тек субъектілердің мүддесін, тек салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ғана емес, жалпы әлеуметтік мәселелерді назарға алып, қараймыз. Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті екі жарым есе көтеруді ұсынды. Әрине, ол мүмкін емес", – деп қосты министр.

Министр бұл ретте субъектілерге өз жұмысын, желілерді модернизациялау керек екенін айтты. Бұл туралы президенттің сайлауалды бағдарламасында тозу көрсеткішін 15 пайызға төмендетуді тапсырылғанын еске салды. Әлібек Қуантыровтың есебінше, министрлік оны шамамен 15-20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".