Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет пе?

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев жауап берді.

Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді, деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев. 

"Электр самокаттарды басқару туралы стандарттар қабылданғаннан кейін осы жыл ішінде жол қозғалысы туралы заңға, жол қозғалысы ережелеріне және әкімшілік кодекске өзгерістер енгіземіз. Жол қозғалысы туралы заңда электр самокатты жүргізу құқығы кімдерге берілетінін, оның қандай міндеттері мен құқықтары бар екенін белгілейміз", – деді Жандос Мұратәлиев.

Комитет өкілі заңға енгізілетін нормалар басқа мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен талқыланғанын атап өтті. Стандартты қабылдау кезінде урбанистер, блогерлер, көлік компанияларының, қоғамның пікірі ескерілген.

"Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Дегенмен, 16 жастан асқан болуы керек. Сонымен қатар қараңғыда көру үшін фаралармен немесе шағылыстырғыштармен жабдықталған болуы керек", – деп толықтырды Жандос Мұратәлиев.


Оқи отырыңыз: Самокатпен сапар миллион теңгеге дейін сақтандырылады. Бұл транспорт иелері қандай ережелерді білуі керек?

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".