Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі

Бұл жарна билығы 1 қыркүйекке дейін елге заңсыз әкелінген көліктерге қатысты қолданылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елге заңсыз жеткізілген көліктерді заңдастыру үшін бірыңғай жарна енгізуді ұсынды. 

"Бұдан былай көліктерді елге әкелудің барлық заңсыз жолын жабу үшін қатаң іс-шаралар қабылдау қажет. Онымен қоса биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінген осындай автокөліктер бойынша жағдайды реттеу керек",  — деп мәлімдеді мемлекет басшысы. 

Президент мұндай көліктерді заңдастыру үшін утиль мен алғашқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада біржолғы бірыңғай жарна енгізуді ұсынды. 

"Бұл іс-шара іздеуге жатпайтын және кедендік "тазартудан" өткен автокөліктерге қатысты болуға тиіс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".