Елге қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана салынады

Ол үшін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Ғимарат 300 орынға есептелген, жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады.

Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. 

"Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Активтерді елге қайтару: 525 млрд теңгеге қандай нысандар салынады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".