Елікті атып өлтірген Ақмола облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды

Жергілікті тұрғын аң аулау кезінде елікті атып өлтіргені анықталды.

Осы жылдың 6 қаңтарында Шортанды ауданының полиция бөліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық алқаптардың резервтік қорында браконьерлік фактісі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Алдын ала тергеу барысында жергілікті тұрғын аң аулау кезінде елікті атып өлтіргені анықталды.

"Ер адам заңсыз аң аулағанын мойындап, полицейлерге орманда жараланған жануарды көріп, оны атып тастауға шешім қабылдағанын және ұшасын үйге апаратынын айтты. Аңшы көлігінің салонында үш аңшылық мылтық пен оқ-дәрі табылды", – деп жазылған хабарламада.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.


Оқи отырыңыз: Үш киіктің ұшасы: Ұлытау облысында браконьер ұсталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".