Елімізде суррогат ана қызметіне жүгінетіндер көбейген

Елімізде суррогат ананың қызметі шамамен 10 миллион теңгенің көлемінде шығады.

Елімізде суррогат ана қызметіне жүгінетіндер көбейген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ұлыс медиа ақпараттық сайты ұсынған мәлімет бойынша, перзент сүйе алмаған жұптардың 45 пайызы жасанды ұрықтандыру арқылы ата-ана атанады. Ал қалған 55 пайызы бала асырап алады немесе суррогат ананы таңдайды. Сәйкесінше, құрсақ аналар саны да өскен.

Елімізде суррогат ананың қызметі шамамен 10 миллион теңгенің көлемінде шығады. Отбасылық жұп әйелге 9 ай бойы 200 мың теңге жалақы мен киім-кешек алуға 150 мың теңге бір реттік төлем береді. Және сәби дүниеге келгеннен кейін келісілген сыйақыны санап беру керек болады. Қазақстанда бұл ақы 5 миллион теңгеден басталады.

Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек шығыны да қызметке жүгінген жұптың мойында. Қоғамның суррогат ана мәселесіне көзқарасы әртүрлі. Кейбірі сәбидің иісін аңсаған ерлі-зайыптылар үшін таптырмас шешім десе, енді бірі бұны қылмысқа теңейді.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, шариғатта бұндай жолмен балалы рұқсат жоқ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".