Елімізде жалған техбайқау құжаттары жойылады

Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған.

Жалған тексеру белгілері анықталған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

"Жаңа ереже бойынша диагностикалық картадан бас тарту кезінде автокөлік иесіне техникалық байқаудан қайта өту қажеттігі туралы SMS хабарлама келеді", – делінген Qazaqstan.tv ақпаратында. 

Демек, техникалық тексерістен өткен орталықтың жұмысы тоқтатылды деген сөз.

Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған. Ал техникалық байқаудан уақытылы өтпегендер 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".