Елорда оқушылары театр қойылымдарын тегін тамашалай алады

Нұр-Сұлтан қаласының білім және мәдениет басқармасы арасында меморандум жасалды.

Өскелең ұрпақты театр өнеріне тарту мақсатында "Білім алушыларды театр өнеріне тарту және театрларға жеңілдікпен баруды ұйымдастыру" туралы ұсынымдар әзірленді, деп мәлімдеді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Астана және Алматы қалаларында жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқушыларды жеңілдетілген театр абонентімен қамтамасыз ету бойынша "Театр" пилоттық-ағартушылық жобасы іске қосылды.

"Мысалы, астанада қаңтар-желтоқсан айларында балалармен театр жобасы аясында орталық театрларға 7 мыңға жуық оқушы барып, оның ішінде 596 оқушы ақылы түрде, ал алты жарым мыңға жуық оқушы тегін түрде барған болатын. Осы жобаны одан ары жалғастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен мәдениет басқармасы арасында меморандум жасалды", – деді Гүлмира Кәрімова.

Бүгінгі таңда астана опера театрына 300 бала тегін барған. Комитет өкілінің айтуынша, осы жұмыс жазғы уақытта да жалғасады.


Оқи отырыңыз: Білім министрі: Ата-анаға баласының жаман қылықтарын ғана айта берудің қажеті жоқ


"Алматы қаласы жыл басынан бері 10 мыңға жуық көрерменді қамтып, 222 қойылым, оның ішінде 620 көрерменді қамтитын қайырымдылық спектакльдері мен көрермендерді қамтитын тағы да 212 қойылым көрсеткен болатын", – деді комитет төрайымы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".