Елордада 25 cәуірден бастап Astana Bike велосипедтерін жалға алуға болады

Сәуір айының соңына дейін 154 велосипед тұрағын ашу жоспарланып отыр.

Астанада Astana Bike велосипедтерін жалға беру орталығы жұмысын бастайды, деп хабарлайды "City Transportation Systems" ЖШС.

"25 сәуірде елордада Astana Bike автоматтандырылған велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылады. Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу сағат 9.00-ден бастап қолжетімді болады", - делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында екпе алғандар арасында тау велосипеді, тоңазытқыш және Samsung Galaxy S21 ойнатылады


Велосипед тұрағы мен велосипедтерді төмендегі реттілік бойынша іске қосылады:

  • 25 сәуір: 600 велосипед + 76 тұрақ;
  • 26 сәуір: 100 велосипед + 20 тұрақ;
  • 27 сәуір: 100 велосипед + 22 тұрақ;
  • 28 сәуір: 100 велосипед + 22 тұрақ;
  • 29 сәуір: + 14 тұрақ.

"Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велосипед тұрағы мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".