Елордада балабақшада 2 жасар сәбиді ұрды деген күдікпен тәрбиеші тергеліп жатыр

Осы оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік Alan балабақшасының тәрбиешісі 2 жастағы сәбиді ұрып-соқты деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Шағымданушы қала тұрғыны Марина Аушева қызы Самираны балабақша тәрбиешісі "тоқпақтап ұрып, мойнынан қысып, қылқындырды" деп айыптайды.

31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының тілшілері балабақшаға арнайы барғанымен, қақпасынан ішке кіру мүмкін болмаған. Домофон арқылы жауап берген балабақша меңгерушісі пікір білдіруден бас тартқан. Ал Самираның анасы Марина өткен аптаның басында, яғни, соққыға жығылмай тұрғанда, қызының балабақшаға барғысы келмегенін айтады. Ол енді тәрбиеші ғана емес, балабақша басшылығын да қатал жазалауды талап етіп отыр.

"Баламның сол кездегі хәліне қарау өте қиын еді. Балама не істеді? Жалпы не болды? Қандай әрекеттер болды? Ешкім ештеңе айтпайды маған. Не болғанын, қалай болғанын бір Құдай біледі", – дейді Марина Аушева.


Оқи отырыңыз: Жетегіңдегіге жекіме...


Бүлдіршінді соққыға жығуы мүмкін деген 22 жастағы келіншек балабақшада 3 жыл қызмет атқарған. Қазір ол мұнда жұмыс істемейді. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші өз кінәсін мойындаған. Тіпті, барлық ата-аналарды шақырып, меңгерушінің көзінше кешірім сұраған.

"Жәбірленушінің арызы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".