Елордада қару-жарақты сейфімен қосып ұрлаған

Сейф ішінде қарудан бөлек, ақша, алтын әшекейлер сақтаулы болған.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге терезесі арқылы бұзып кіріп, сейф ұрлаған қарақшы ұсталды. Сейф ішінде 500 мың теңге мен алтын әшекейлерден бөлек, Бекас 12 және Mossberg екі тегіс ұңғылы мылтық, Кизляр аңшылық пышақ болған. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Қылмысты ашу мақсатында құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті ауданды мұқият аралап, көп ұзамай қылмысқа қатысы бар адамдардың ізіне түседі. Олар қаладан шығып кеткені және елордаға арнайы ұрлық жасау мақсатында келгені белгілі болады.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 50 пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды


"Жеке секторда олар дабыл мен бейнекамералары жоқ үйді байқаған. Қаскүнемдер сейфті ұрлап, оны тысқары жерге апарып ашқан. Ішіндегі алтын бұйымдар мен ақшаны алып, қаруларды шөптердің арасына тығып тастаған. Сол күні олар елордадан Алматыға шығып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілердің бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, заттай дәлелдемелер алынды" делінген сайт хабарламасында.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".