Елордада мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерткіш қойылды

Ескерткіш Республика даңғылы мен Жұмабек Тәшенев көшесінің қиылысындағы Әскери-патриоттық музейдің алдына орнатылды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші ашылды. Оған қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов бастаған зиялы қауым өкілдері, Жұмабек Тәшеновтің ұрпақтары қатысты.

Фото Айтбай Жұмағұлдың facebook парақшасынан алынды

"Жергілікті билік елемесе де Жұмабек Тәшеновті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі: "Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын" деп айтқан екен. Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы", – деді Оралбай Әбдікәрімов.

Жұмабек Тәшеновтің туғанына биыл – 106 жыл. Ол 1955 –19 61 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, елордада Жұмабек Тәшеновтің атында көше және мектеп бар. Ал 2015 жылы Жұмабек Тәшеновке ескерткіш Петропавл қаласында қойылған болатын. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".