Елордадағы "Нұр Астана" мешітінің атауы өзгеріп, әл-Фараби есімімен аталады

Жаңа атау ҚМДБ кезектен тыс төралқасында мақұлданды.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар "Нұр Астана" мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын. Бұл ұсыныс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.

Жиында бұдан бөлек тағы екі мәселе қаралды. Олар – қарашада елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтетін халықаралық конференция және желтоқсан айына жоспарланған ҚМДБ-ның жылды қорытындылау төралқа мәжілісі.

"Егемендік алғанымызға 30 жыл толуына орай ұйымдастырғалы отырған ауқымды конференцияға Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Башқұртстан, сондай-ақ, Моңғолия мемлекеттерінің мүфтилері, отандық дін ғалымдары мен имамдар қатысады. Қазіргі кезде конференцияның арнайы жұмыс тобы құрылып, дайындығын пысықтауда", – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".