Emirates жолаушылардың ұшақ бортына пейджер және рация алып шығуына тыйым салды

Оны жүк сөмкесіне салуға да рұқсат жоқ.

Emirates әуе компаниясы ұшақ бортына жолаушылардың пейджер немесе рация алып шығуына, оларды багажға тапсыруына тыйым салды. Бұл туралы әуе компаниясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлады UzA агенттігі

"Дубайға немесе Дубай арқылы ұшатын барлық рейстердің жолаушыларына пейджерлер мен рацияларды қол жүгі немесе багаж арқылы тасымалдауға тыйым салынады. Қол жүгі немесе багаждан табылған мұндай заттар Дубай полициясы тарапынан тәркіленеді", – делінген хабарламада.

17 қыркүйек күні Ливанда "Хезболла" ұйымы жылдам байланыс үшін қолданатын пейджерлерде бірқатар жарылыстар орын алды. Келесі күні рациялар да жарылды. Жарылыс салдарынан кем дегенде 37 адам қаза тауып, үш мыңға жуық адам жарақат алған.


Оқи отырыңыз: FlyArystan лоукостерлері: Жолаушы борттағы қандай қызметтер үшін қосымша ақы төлейді?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".