Енді білім грантын ұтып алған сарбаздарға стипендия төленеді

Былтыр қолға алынған Қорғаныс министрлігінің сарбаздар үшін тегін оқу жобасы, енді мемлекеттік грант ретінде тағайындалады.

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, Қорғаныс министрлігі сарбаздарға білім алу бойынша жеңілдіктер спектрін кеңейту бағытында белсенді жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

"Мәселен, қазір Мәжіліс депутаттары бастамасымен қолға алынған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Үкіметтің қарауында. Оған сәйкес "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңында алғаш рет «әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» бөлігі қарастырылған", – деді Айгүл Төлембаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Оқи отырыңыз: Әскерден оралған 600-ден астам сарбаз білім грантына ие болды.


Министр кеңесшісінің айтуынша, сарбаздарға берілетін білім беру жеңілдіктері енді заңнамалық тұрғыдан реттеледі. Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап ол мемлекеттік грант ретінде тағайындалады.

"Бүгінгі күні сарбаздарға ЖОО-да оқуға 100% жеңілдік берілетін еді. Енді мемлекеттік грант тағайындалады және сарбаздарға стипендия төленіп, жатақханамен қамтылады. Мемлекеттік грант ҰБТ есебінсіз беріледі", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".