Енді оқушыларға мектепте жылқы еті, жент пен қаймақ беріледі

Фото: elordainfo.kz
Фото: elordainfo.kz
Мәзірді Денсаулық сақтау министрлігі нутрициолог мамандармен бірлесе отырып дайындаған.

Енді оқушыларға жылқы еті, жент пен қаймақ беріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сонымен қатар дастарханда қант пен тұздың мөлшері аз тағамдар тұру керек. Бұдан бөлек, балаларға хош иісті шай мен майлылығы аз сүт және йогурт ұсынылады. 

Салаттар қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, қырыққабаттан дайындалады және балалар салатты өздері таңдайтын болады.

 

Ал ыстық тамақ жылқы, сиыр еті мен балықтан пісірілуге тиіс. Сонымен қатар алма, банан, құрма, ірімшік беріледі. 

Айта кетейік, жаңа мәзірді Денсаулық сақтау министрлігі нутрициолог мамандармен бірлесе отырып дайындаған. Жауапты ведомство мәліметінше, бүгінде бастамаға толықтырулар енгізіліп жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".