"Енді қолдаймын". Шахтаға түскен экономика министрі кеншілердің зейнет жасын төмендету жайлы

Министр Қуантыров Ұлытау облысындағы Анненский кенішіне түсіп көрген.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлытау облысындағы Анненский кенішіне түсіп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысып қайтқан. Журналистер министрден кенішке түскенде қандай әсер алғанын сұрады.

"Еңбек шарттары оңай емес. Ауа жетпейді. Улы иіс бар. Ауқымы таң қалдырды. Техника таңғалдырды. Жалпы алғанда Анненский кенішінің жағдайы жақсы (...) Жалпы алғанда осы жердегі кеншілердің еңбекақысы жоғары. Орташа есеппен 700 мың теңгеден асады. Кейбірі 1 миллионнан көп табады. Бұл жұмыстың қиындығы мен қауіптілігіне қарай", – деді министр.

Сонымен қатар Әлібек Қуантыров болашақта Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы көмір кенішіне түсіп көргісі келетінін айтты.

Журналистердің: "Енді кеншілердің зейнет жасын өзгертуді жақтайтын боларсыз?" деген сұрағына министр: "Солай деп ойлаймын", – деп жауап берді.  

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".