"Энканто" анимациялық фильмінің қазақша дубляжы онлайн жарық көрді

Мюзикл кассалық алымдар бойынша үш апта бойы үздік рейтингке ие болды.

Disney студиясының қазақша дубляждалған "Энканто" мерейтойлық анимациялық фильмі IVI онлайн-кинотеатрына шықты.

"Болашақ" қоры 10 жыл ішінде әлемдік жетекші киностудиялардың 38 фильмін қазақ тіліне дубляждады. Фильмдерді дубляждау жобасы әлемдік киноиндустрияда қазақ тілін насихаттауға оң әсер етеді. IVI онлайн-кинотеатры 2018 жылы "Болашақ" қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатты. Соның арқасында қазақ тіліндегі фильмдерді әлемнің кез келген жерінен және кез келген уақытта көруге болады. 

"Диснейдің" алпысыншы толық метражды анимациялық фильмі Колумбия тауларындағы Энканто қаласынан келген Мирабель есімді қыздың оқиғасын баяндайды. Оның отбасы Касита есімді ерекше үйде тұрады. Осы жердің сиқыры Мадригалдар отбасындағы әр балаға  суперкүштен бастап емдеу қабілетіне дейін ерекше қабілет берді. Өкінішке қарай, сиқыр тек жас Мирабельді айналып өтті. Алайда оған Касита мен оның сиқырын құтқару міндеті жүктелді. 


Оқи отырыңыз: 


"Энканто" отбасылық құндылықтар, ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас және сырласып сөйлесудің маңыздылығы тақырыбын қозғайды. Фильм отбасымен көруге арналған. 

Фильмді дарынды режиссерлер Джаред Буш ("Моана" және "Аңдар шаһары") және Байрон Ховард ("Рапунцель", "Аңдар шаһары", "Мұзды өлке 2") жасаған. "Энканто" фильмі "Үздік анимациялық фильм" санатында "Алтын глобус" сыйлығын жеңіп алды. Саундтректерін "Моана" және "Коконың құпиясы" анимациялық фильмдері әндерінің авторлары жазған. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".