Ердоған: Түркия Израильмен қарым-қатынасты толық үзді және оны енді қайта жалғамайды

Түркия президенті Газа секторындағы қантөгісті тағы да айыптады, Израильге қысым көрсетуге шақырды.

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған өз елі мен Израиль арасында қазір ешқандай байланыс жоқ екенін растап, енді келешекте де өзара байланыс орнатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлады TRT Haber телеарнасы. 

Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоған Түркия Израильге халықаралық құқық негізінде қысымды күшейтуге барын салатынын және мәжбүрлеу арқылы соғысты тоқтатуға күш салатынын мәлімдеді. 

"Қазіргі таңда біз, Түркия Республикасы мемлекеті және үкіметі, Израильмен қарым-қатынасты үздік. Біздің арамызда ешқандай байланыс жоқ және болашақта да біз байланысты жолға қою бағытында ешқандай шара қолданбаймыз", – деді Режеп Тайып Ердоған. 

Түркия басшысының айтуынша, Түркия Газа секторындағы қантөгіске қатысты мәлімдемелер жасап, Израильге қарсы батыл шаралар қолданған жалғыз ел болды. 


Оқи отырыңыз: Ердоған Қазақстанды ортақ түркі әліпбиіне көшу бойынша шешім қабылдауға шақырды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".