Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?

Олар мемлекеттік мекемелер өткізетін барлық мәдени іс-шараға билетсіз кіре алады.

Мәдениет және спорт министрлігі ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қандай мәдени-ойын-сауық шараларына тегін кіре алатынын айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мемлекеттік мекемелер өткізетін барлық мәдени іс-шараға тегін кіре алады. 

"Мемлекеттік мекемелер өткізетін іс-шараларға: спектакльдер; мәдени-ойын-сауық іс-шаралары, цирк, кітапхана, музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызмет түрлеріне I және II топтағы, 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіре алады. Ал​ III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50 пайыз жеңілдікпен кіреді" – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".