Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды

Ол мәжілістің VII шақырылымының да төрағасы болды.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында VIIІ шақырылымының депутаттары мәжіліс төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады. Оның кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. 

"VIII шақырымдағы Парламент Мәжілісі төрағалығына Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Ерлан Жақанұлы мемлекеттік, орталық және аймақтағы мемқызметтердің басында болды. Ол бірінші сайланымдағы сенат депутаты, Қарағанды облысының депутаты, Президент әкімшілігінің басшысы, VII шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы, Amanat партиясының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарып келеді", – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Депутаттар кандидатты жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізу туралы қажетті қаулы қабылдау жөнінде бірауыздан жақтап дауыс берді. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижесін анықтау үшін санақ комиссиясы сайланды. Санақ комиссиясының құрамына Жанарбек Әшімжанов, Жигули Дайрабаев, Наталья Дементьева, Қазыбек Иса, Асхат Рақымжанов, Ислам Сұңқар, Айдарбек Қожаназаров кірді. Санақ комиссиясының төрағасы болып – Жанарбек Әшімжанов, ал хатшысы болып Наталья Дементьева сайланды.

Жасырын дауыс беруге 20 минут уақыт берілді. 98 депутаттың бәрі Ерлан Қошановтың кандидатурасын жақтап дауыс берді.


Оқи отырыңыз: Премьер-министрдің кандидатурасын президентке Amanat партиясы ұсынады


Ерлан Қошанов / Фото: Informburo.kz

Ерлан Қошанов осыған дейін де мәжіліс төрағасы қызметін атқарған болатын.

Ерлан Қошанов 60 жаста. Ол 2019 жылдан бері 2022 жылы 1 ақпанда мәжіліс төрағасы болып сайланғанға дейін президент әкімшілігін басқарды. 2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды ​​облысының әкімі қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетін басқарған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".