Ерлан Саиров көпбалалы аналарға тіс жөндету үшін қаржылай көмек беруді ұсынды

Дәл қазір бұл проблема еліміздегі 543 мың көпбалалы анаға ортақ.

Депутат Ерлан Саиров көпбалалы аналарға тістерін жөндету үшін қаржылай көмек беруді ұсынып отыр. Айтуынша, аяғы ауыр әйелдер құрсақтағы баласы қалыптасып жатқан кезеңде кальцийді көп жоғалтып, тістерінен айырылады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оның айтуынша, дәл қазір бұл проблема еліміздегі 543 мың келіншекке ортақ. Тісті емдету үшін қыруар қаржы қажет.

"Ана құрсақтағы баласының қалыптасуына кальцийді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны – медициналық факт. Көпбалалы атанған 543 мың әйелдің барлығының басында бар мәселе – тістің түсуі. Қазақстанда тіс емдеу бағасы шарықтап тұрғанын бәріміз жақсы білеміз, сондықтан бірінші кезекте көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру маңызды", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Ерлан Саиров.


Оқи отырыңыз: 8 наурызда Ақтауда қоғамдық көлік әйелдерге тегін қызмет көрсетеді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".