Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Ол Нұр-Мүбарак университетінің проректоры болып тағайындалды.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы ауысты. Бұған дейін Мысыр тарапынан оқу орнының ректоры болып Ахмад Хусейн тағайындалған болса, қазақстандық тараптан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти қызметін атқарған Ершат Ағыбайұлы проректор қызметіне тағайындалды. 

Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы таныстырды. 

"Ершат Ағыбайұлы 2024-2028 жылдар аралығы мерзімге Нұр-Мүбарак университетінің проректоры болып тағайындалды. Ол – әл-Азхар университетінің түлегі, исламтанушы-ғалым, PhD доктор, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі", – деді Бас мүфти.

Еске салайық, Ершат Ағыбайұлы аталған жоғары оқу орнына басшылық қызметке тағайындалып отырған үшінші адам. Оған дейін бұл қызметті профессор Шамшадин Керім мен PhD доктор Қайрат Құрманбаев атқарған. 


Оқи отырыңыз: Мұсылман жыл санауы бойынша Мәуліт айы басталды. Ораза ұстау қажет пе


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".