Ерұлан Жамаубаев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Бұған дейін ол елдің қаржы саласына жауап берді.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, "Іскерлік әкімшілендіру магистрі".

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Соңғы атқарған үш қызметі: 

  • 2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды.
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР қаржы министрі қызметін атқарып келді.
  • 2022 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".