Ескендір Хасанғалиев, Юрий Померанцев: Алматыда бірнеше көшеге атау беріледі

Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Тұрғындардан қала көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

"Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді", – деп жазылған хабарламада.

Ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы ауысты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".