FlyArystan 3 шілдеден бастап Астана-Ташкент рейсін іске қосады

Рейс әр дүйсенбі және сәрсенбі күндері жасалады.

3 шілдеден бастап Астанадан Ташкентке әр  дүйсенбі және сәрсенбі күндері рейс ұшады, деп хабарлады әуе компаниясы.

"Астана мен Ташкент арасында тікелей рейстерді 3 шілдеден бастап жүзеге асыра бастаймыз. Рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері жайлы Airbus A320 ұшағымен орындалады", – делінген хабарламада.

Бір бағытта ұшу құны 21 800 теңгеден басталады. Рейстің алғашқы күні билетті 30 785 теңгеден басталатын бағамен сатып алуға болады.

Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасы және flyarystan.com сайтында сатылады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".