Газа секторында қалған Қазақстанның 17 азаматы елге оралғысы келмейтінін жеткізді

Қазақстанның 17 азаматы мен олардың отбасы әлі күнге палестинаның Газа секторында.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қақтығыс аймағында қалған отандастарымыз түрлі себептермен елге оралғысы келмейтінін жеткізген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, олардың арасында біліктілігі жоғары дәрігерлер де бар. Қазір ақ халаттылардың көмегі қажет болып жатқандықтан, шекарадан әзірге шығармайды.

Бұған дейін Мысыр арқылы 161 адам эвакуацияланған болатын. Олардың бір бөлігі Қазақстан азаматтары болса, қалғандары сол отбасының мүшелері. Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта олармен тығыз байланыста екенін жеткізді.

"Біз бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғасатырамыз. Келешекте қайтқысы келетіндер болса, олармен де жұмыс істейміз. Қолдарына билеті дайын, ұшып шыққысы келіп отырған азаматтар бар. Олармен Мысырдағы, Иорданиядағы, Израильдегі өкілдіктеріміз жұмыс істеп жатыр", – деді ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.


Оқи отырыңыз: Газа секторында қазақстандық әйел қаза тапты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".