Ғалымдарға ғылыми атағы үшін тағы үстемеақы қосылады

Үстемақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18 пайызға артты. 2024 жылғы 1 қаңтарынан тағы 18 пайызға, ал 2025 жылғы 1 қаңтарынан 17 пайызға көбейеді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Министрдің мәліметінше, "Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген. 

Биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:

  • Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
  • Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
  • Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).

Айта кетейік, үстемақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".