Ғарыш кемесінің қалдығы Ұлытауға тағы құлады

Кеме бөлшегі Жаңаарқа ауданының орталығынан небәрі 25 шақырым жерге түскен.

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына Байқоңырдан ғарышқа аттанған жүк тасымалдау кемесінің қалдығы құлады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Прогресс МС-21" ғарыштық жүк тасымалдау кемесінің қалдығы Орынбай елдімекеніне түскен. Бөлшектің ұзындығы 10 метр, салмағы 1,5 тонна. Ғарыш кемесінің ұшу күні, уақыты және қалдықтың шамамен түсетін орны алдын ала белгіленген. Сондықтан, жергілікті әкімдік өкілдері тұрғындарды күні бұрын қауіпсіз жерге көшіргенін айтады.

Қазіргі таңда "Роскосмос" компаниясының мамандары арнайы шұғыл әрекет ету топтарын құрып, бөлшек құлаған жер қазір қоршауға алған. Арнайы күзет те қойылған.


Оқи отырыңыз: 


Жоспар бойынша, мамандар маңайды қалдықтан тазалап, оны алып кетеді.

"Космодромнан ракета ұшардан екі сағат бұрын елді мекенде эвакуациялық жұмыстар жүргізілген. Қазіргі уақытта Роскосмос қызметтері ауылдың қасында жұмыс жүргізіп жатыр. Отынын айтсақ, ол гептил емес, керосин. Құлаған нысанның фрагменттері пластмассадан жасалған, халыққа еш зияны жоқ", – деді Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдай бойынша бас инспекторы Қанат Балтабаев.

Еске салайық, 23 жыл бұрын дәл осы ауданға зымыран қалдығы құлаған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".