Грант ҰБТ-сына тіркелу басталды. Бір күнде екі рет, таңертең және түстен кейін тест тапсыруға бола ма?

Бүгін негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне тіркелу басталды.

28 сәуірде білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне тіркелу басталды. Ол 6 мамырға дейін жалғасады. Ал екінші мүмкіндікке тіркелу 7-14 мамыр аралығында жүргізіледі. Тест 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Осы ретте Ұлттық тестілеу орталығы түлектердің ҰБТ-ға тіркелу бойынша ең жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді.

Түлектердің бірі "Бір күнде екі рет, таңертең және түстен кейін тест тапсыруға бола ма?" деп сұраған.

Тест орталығының жазуынша, бір күнде ҰБТ-ны екі рет тапсыруға болмайды. Ал одан басқа екі мүмкіндік аралығында шектеу жоқ.

"Тестілеу күнін, орнын және уақытын түлек таңдайды. Бірінші рет шілдеге, екінші рет мамырға тіркелсеңіз де болады", – деп жазылған жауапта.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".