Ғылым министрлігі ЖОО-лардың дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады

2023-2024 оқу жылы 1750 грант бөлінді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2023-2024 оқу жылына арналған грант түрлері мен саны:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1300;
  • тілдік курстар үшін (Қазақстан Республикасы азаматтарына) – 200;
  • тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) – 50;
  • Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200.

Құжаттар 2023 жылдың 11 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының enic-kazakhstan.edu.kz сайтында қабылданады.

Қосымша сұрақтар болса +7 (7172) 28 75 26 телефон нөміріне және admission@n-k.kz электронды поштасына хабарласуға болады

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".