Ибрагимова жастар ипотекасының сомасын арттыру туралы: Жергілікті мәслихат шешеді

Отбасы банкінің басшысы өңір әкімдіктерімен жеті шартқа қол қойылып жатқанын айтты.

Презиент тапсырмасы аясында Қазақстан өңірлерінде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары іске қосылып жатыр. "Алматы жастары" негізінде Астанада, Атырау, Жамбыл, Абай, Жетісу, Алматы, Қарағанды облыстарында бағдарлама жұмыс істей бастады.

Отбасы банкі басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазір жеті өңір әкімдігімен шартқа қол қойылып жатыр.

"Қазір жеті шартқа қол қойып жатырмыз. Желтоқсан айында тағы да әкімдіктермен құжаттарға қол қоямыз. Жастарға арналған жаңа бағдарламалар ашылады", – деді Ләззат Ибрагимова.

Ол, сондай-ақ жастарға арналған ипотекалық несие сомасын арттыру жөніндегі өтініштерге де жауап берді.

"Жастарға арналған тұрғын үй сомасын өңірлік мәслихаттар ұсынады. Соманы көтеру мәселесін солар шешеді", – деді Ләззат Ибрагимова.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".