ІІ Елизаветаны жерлеу қарсаңында Түркия Ұлыбританияға 1,5 млн гүл жібереді

Гүлдер әуе жолы арқылы тасымалданады.

II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімінде пайдалану үшін Түркиядан Ұлыбританияға кем дегенде 1,5 миллион гүл жіберіледі, деп хабарлады Egemen.kz Hurriyet.com сайтына сілтеме жасап.

"Ұлыбритания тарапынан сұраныстың күрт артуы байқалады. Әдетте осы кезеңде біз британ нарығына апта сайын 600-700 мың гүл жібереміз, бірақ Елизавета патшайымды жер қойынына табыстау кезеңінде бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетеді деп есептеп отырмыз", – деді Анадолы сәндік өсімдіктер мен өнімдерді экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Исмаил Йылмаз. 

Ол бірінші кезекте қалампырға сұраныс артқанын түсіндірді. Тіпті гүл жеткізуді тездету үшін дәстүрлі жүк көліктерінің орнына Ұлыбританияға әуе арқылы тасымалдана бастаған.


Оқи отырыңыз: 


"Егер бірінші жағдайда жеткізу 7-8 күнге созылса, ұшақ арқылы жіберілген гүлдер келесі күні-ақ тапсырыс берушіге жетеді", – деді Анталия тауар биржасы ассамблеясының мүшесі Селчук Челеби. 

Еске салсақ, 8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II  Елизавета 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтеді. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".