ИИДМ "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын ұзартуды ұсынды

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека 7% мөлшерлемемен беріледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "7-20-25" бағдарламасын ұзартуды ұсынды. Айтуынша, бүгінде қос тарап банк пен халық бағдарламаның жалғасын қолдап отыр.

"7-20-25" бағдарламасының аяқталуына аз уақыт қалды. Алайда банк пен халық аталған бағдарламаның жалғасын күтіп отыр. Біз де өз кезегімізде ұлттық банкке ұсыныстарымызды жолдап жатырмыз. Әзірге қандай шешім қабылданатыны белгісіз", – деді Қайырбек Өскенбаев.


Оқи отырыңыз:


"7-20-25" бағдарламасы бойынша үй сатып алу үшін өтініш берушінің атында баспана болмауы тиіс. Алғашқы жарна кемінде – 20%, ал несие мөлшерлемесі – 7%. Ипотека 25 жылға дейін беріледі.

Жуырда аталған бағдарламаға бөлген 1 трлн теңгені игеру мерзімі аяқталатындықтан, бағдарлама жоспарға сәйкес тоқтайды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".