ІІМ: Қазақстан бойынша 5 135 адам ұсталды

Алматыда жиналғандар ешқандай талап қоймаған және келіссөздерге бармаған.

Бүкіл еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 5 135 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

"Кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл бұзақылық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі 125 іс тергеліп жатыр. 5135 астам адам ұсталды. Оның ішінде 134 адам аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 516 адам әкімшілік жазаға тартылды. Қалғанына тексеру шаралары жүргізіліп жатыр",– деді Ерлан Тұрғымбаев.",– деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің міндетін атқарушы Алматыда жиналғандардың ешқандай талап қоймағанын және келіссөздерге бармағанын айтады.


ІІМ дерегіне сәйкес, мемлекеттік шекараны көлікпен және жаяу кесіп өтпек болған 300-ге жуық адам ұсталған. Олардан қару-жарақ, тоналған заттар, оның ішінде телефондар мен отандық және шетелдік валюталар тәркіленген. Қазір елде антитеррористік операция жалғасып жатыр. Барлық өңірде жағдай қалыпты. Басып алынған әкімшіліктер кері қайтарылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".