ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп қылмыстық топты ұстады

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдікке ілініп отыр.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".