Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары аясында егілген шыршалар неге қайта қазылды?

Шыршалардың орнына жөке мен арша отырғызылған.

Астана қаласында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары аясында ашылған Гейдар Әлиев көшесінің бойына егілген шырша ағаштары қайта қазылып алынды. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының түсінбеушілігін туғызған болатын.

Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы неліктен бес шырша ағашының қайта қазылғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, шырша көшеттері отырғызылғаннан кейін агрономдар оларды қылқан жапырақты ағаштардың өсуіне әлдеқайда қолайлы орынға – Ботаникалық баққа қайта отырғызуға ұсыныс берген. Осыған орай, шыршалар Ботаникалық бақтағы Әзербайжан президенті отырғызған ағаштан 100 метр жерге ауыстырылған.

Ал Бұқар жырау көшесінің Гейдар Әлиев көшесімен қиылысқан тұсына, яғни қазылып алынған шыршалардың орнына жөке мен арша көшеттері отырғызылған.


Оқи отырыңыз: Улица имени Гейдара Алиева появилась в Астане


Еске салайық, Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Қазақстанға 10 сәуірде келіп, Астана қаласында Гейдар Әлиев атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".