iPhone 14 қашан сатылымға шығады?

Cupertino компаниясы жаңартылған AirPods Pro, арзан iPad және iPad Pro техникаларының жаңа буынын ұсынады.

Apple компаниясы 2022 жылдың күзінде рекордтық көлемде жаңа гаджеттер ұсынбақ. Олардың атауы мен сипаттамасын Bloomberg агенттігінің журналисі, сарапшы Марк Гурман жариялады.

Оның айтуынша, Apple жаңа гаджеттер таныстырылымын әдейі жыл соңына қалдырып отыр. Бұл компанияға жаңа жыл сынды мерекелер өтетін тоқсанда жоғары табысқа жету үшін қажет.

"Компания күзге қарай өз тарихындағы жаңа өнімдердің көптеген жиынтығын ұсынатын болады", – деді Марк Гурман.


Оқи отырыңыз: Apple компаниясы iPhone мен iPad шығаруды тоқтатты


Сарапшы күздің басты шығарылымы iPhone 14 сериясының флагмандары болатынын айтты. Смартфондардан басқа, Cupertino компаниясы жаңартылған AirPods Pro, арзан iPad және iPad Pro техникаларының жаңа буынын ұсынады.

Сондай-ақ, іс-шарада Apple Watch ақылды сағаттарының жаңа буыны, MacBook Air жаңартылған және MacBook Pro техникасының қолжетімді нұсқасы көрсетіледі. Apple стационарлық компьютерлері де назардан тыс қалмайды – Apple жеке процессорлары орнатылған iMac және Mac Pro ұсынылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".