Ірі қарадан бруцеллез анықталған Қостанай облысындағы ауылға шектеу енгізіледі

Табындағы ірі қарада мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленді.

Қостанай облысының Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылында ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қамысты ауылдық округінің әкімінің шешім-жобасында жазылды.

"Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы №1 шалғайдағы табында (Р. Хусаинов) ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажеттi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілсін", – деп жазылған құжатта.

Әкімнің шешім-жобасын ашық талқылау уақыты бүгін аяқталып, ауылдық округ әкімі қол қойған соң құжат заң жүзінде күшіне енеді.

Құжатта ауылдық округ әкімі шешімнің орындалуын өзі бақылап отыратынын жазған.


Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда ірі қара малдан жаппай бруцеллез анықталып жатыр.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".