Ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылда ұрлық пен ажырасу тыйылған

Түркістан облысындағы Алмалы ауылында 6 жылдан бері ішімдік пен темекі сатылмайды.

Түркістан облысы Жетісай ауданының Алмалы ауылында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеді, деп хабарлады Polisia.kz.

Алмалы ауылының дүкендерінде соңғы 6 жылдан бері ішімдік пен темекі өнімдері сатылмайды. Басылымның жазуынша, осы уақыт аралығында құқық бұзушылық оқиғалар саны күрт азайған. Кейінгі бес жылда ажырасу мен ұрлық мүлде тыйылған.

"Ауылдың бетке ұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үйді-үй аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді. Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайды. Нәтижесінде үлкендерді сыйлап, ынтымағы жарасып отырған жайы бар" делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".