Итбалық пен "Қызыл кітапқа" енген балықтарды аулауға рұқсат берілмек. Ол не үшін қажет

Аулау шаралары ғылыми мақсатты көздейді.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған үкімет басшысы қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанның су айдындарынан Каспий итбалығы мен сирек кездесетін балықтарды белгілі мөлшерде алуға рұқсат берілгелі отыр. Аулау шараларымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар ғана айналыса алады. 

Қандай су жануарлары ауланады?

  • 156 дарақ Каспий итбалығы (кейін табиғи мекеніне жіберіледі);
  • 500 келі Арал пілмайы (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);
  • 300 келі Арал қаязы (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);
  • 600 келі таймен (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);
  • 400 келі ақбалық (жасанды жолмен молықтыру мақсатында).

Аулау шаралары 1 наурыз бен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады және ауланған су жануарлары үшін төлемақы төленеді. 


Оқи отырыңыз: Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді. Бұл оны жойылып кетуден құтқара ма?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".