Итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз тепкілеген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

Үй жануарына асқан қатыгездік көрсеткен баланың видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.

Ақтөбеде итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз тепкілеген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Полиция бала 14 жасқа толмағандықтан істі тоқтаттық деп отыр.

Мектеп оқушысы Тараз қаласындағы арнайы білім ошағына жіберілуі мүмкін. Түпкілікті шешімді сот шығарады.

Үй жануарына асқан қатыгездік көрсеткен баланың видеосы әлеуметтік желіге жарияланып, жұрт жағасын ұстаған болатын.

Бейнежазбада тоғызыншы сыныптың оқушысы байлаулы итті әбден қинайды. Төбетке бірнеше жерден пышақ сұғып, аяусыз тепкінің астына алады. Ең сорақысы, жеткіншектің әрекетін қасындағы балалар қолдап тұрған.

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері итке қорлық көрсеткен оқушы мен оның ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданғанын жеткізді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".