Израиль әскері Иранға шабуыл жасауға дайындалып жатыр

Тұрғындарға шабуылдан қорғанатын жерлерге жасырыну керектігі ескертілді.

Израиль әскері Иранға шабуыл жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Израильдің қорғаныс министрі "біз қарап қалмай, жауап ретінде қарсы тарапқа жойқын соққы береміз" деп отыр.

Йоав Галанттың бұлай мәлімдеме жасауына Иранның Израильға зымырандарды жіберуі себеп. Бірақ одан ешкім зардап шекпеген. Себебі, Израиль аумағында әуеден қауіп төнетінін ескертетін дабыл қағылған екен.

Тұрғындарға шабуылдан қорғанатын жерлерге жасырыну керектігі де алдын ала ескертіліпті.

Тегеран билігі Израильге қарсы жасалған шабуылды палестиналық ХАМАС радикал тобы мен Ливанда орналасқан "Хезболла" жетекшілерінің қазасы үшін кек қайтару деп атаған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".