Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. 

ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері мемлекетке опасыздық жасау (Қылмыстық кодекстің 175-бабы1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-бабы 3-бөлігі) және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бойынша сараланды", – деп жазылған хабарламада.

Ал Ерғожин билікті күшпен басып алу билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша тергелді.

Өсіповтің ісі қатысты билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, Акипов және Бекмұраттыкі билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы бойынша қаралды.


Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов ісі бойынша сот күзде басталады


"Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 қазанға дейін, Ерғожиндікі 13 қазанға және Өсіповтікі 22 қазанға дейін ұзартылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".